Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарТүркістан станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жаяу жүргіншілер көпірінен секірмек болған жас жігіттің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Көліктегі полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, Түркістан станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің патрульдік қызметінде жүрген полиция кіші сержанты Айдарбек Нұрсұлтан темір жолдардың үстінен өтетін аспалы көпірдің қоршауынан секіруге оқталып тұрған ер жігіттің байқап қалған. Ол әріптестерімен бірге жедел әрекет етіп, ер адамды әңгімеге тартып, көмек келгенше уақытты созуға тырысқан.
Көлік полицейлерінің үйлесімді және жедел әрекеттерінің, сондай-ақ Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінің арнайы өрт сөндіру техникасымен бірге атқарған жұмыстары нәтижесінде жас жігіт көпірден аман-есен түсірілді. Ол жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Тексеру барысында қала тұрғынының отбасылық және тұрмыстық кикілжіңнің әсерінен ауыр өмірлік жағдайға душар болғаны анықталды. Оған қажетті моральдық-психологиялық көмек көрсетілді,-делінген ведомство мәліметінде.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?