Көлік өзенге құлап, 5 адам суға ағып кетті

19 Маусым, 14:19 2223

Өзбекстанда Сырдария облысындағы Оңтүстік Мырзашөл каналына көлік түсіп кетіп, ішінде болған бес адам суға ағып кетті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Nexia автокөлігін тізгіндеген жүргізуші көпірде рөлге ие бола алмай, суға құлаған. Жүргізушіден бөлек, көлікте төрт адам болған.

ТЖМ қызметкелері мен сүңгуірлер автомобильді судан алып шықты. Оның ішінде жүргізуші мен үш жолаушының денесі болған. Бесінші адамның денесін іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: