Көктемде Астана маңындағы Жібек жолы ауылын су басуы мүмкін

27 Ақпан, 18:22 839

Үкімет брифингінде Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңірдегі су басу қаупі жоғары елді мекендер жайлы айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Марат Ахметжановтың сөзінше, көктемгі тасқын судың алдын алу шаралары осыдан екі апта бұрын басталды.

Осыдан 2 апта бұрын Жібек жолы ауылында арнайы жиналыс өткіздік. Себебі, бүгінде Жібек жолы ауылын су басуы мүмкін ең қауіпті аймақ деп есептеп отырмыз. Жиынға Астана әкімі Жеңіс Қасымбек және екі ведомство өкілі қатысты. Әрине, қала әкімі су тапшылығы бар жердің қоймаларына су көп жиналса дейді, ал біз үшін ол қауіпті жағдай. Себебі, жанындағы ауылдарды су басуы мүмкін. Сондықтан мәселені жан-жақты, ғылыми зерттеуге үңіліп жатырмыз. Оның ішінде бұрынғы төтенше жағдайларды қарастырдық. Мәселен, 2017 жылы Жібек жолындағы елді мекендерді су басқан. Қазіргі таңда басқан жерлерде жеке үйлер салынған», - деді Ақмола облысының әкімі.

Ахметжанов су басу қаупі жоғары өңірлер бақылауда екенін атап өтті.

Миражан Махан
Бөлісу: