15.12.2024
05:19
1015
Көктайғақтан Қарағанды-Астана бағытында 700-тен астам көлік жолда тұрып қалды

Көктайғақтан Қарағанды-Астана бағытында 700-тен астам көлік жолда тұрып қалды

Қарағанды облысында жауын-шашын мен қолайсыз ауа райының салдарынан республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдар жабылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс кестесіне көшті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс аумағында 1 мыңнан астам көлік жолда қалды. Соның ішінде Қарағанды-Астана бағытында 700-ден астам көлік жиналды.

Полиция қызметкерлері Қарағанды-Астана бағытында 700 көлікті жетегіне алып, Ақмола облысының аумағына дейін жеткізді. Сондай-ақ Ақмола облысы аумағынан Қарағанды бағытына 1 мың көлік қауіпсіз түрде жеткізілді.