Көктайғақ, жаңбыр - 10 қазанға арналған ауа райы болжамы

10 Қазан 2023, 08:20 655

Қазгидромет синоптиктері Қазақстан аймақтарында 10 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Казақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашын, түнде еліміздің солтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша екпінді жел, ҚР батысында көктайғақ, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, батыста, солтүстік-батыста, шығыста түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі күтілуде, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Перизат Саденова
Бөлісу: