Көктайғақ кезінде 46 тараздық тұрғын дәрігерге жүгінді

16 Желтоқсан 2023, 23:46 1062

Жамбыл облысының тұрғындары ауа райының қолайсыздығына баланысты қиындықтарға тап болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ге сілтеме жасап. 

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің берген мәліметтеріне сүйенсек, Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының травматология бөліміне бүгін түске дейін 43 адам түрлі жарақатпен көмек сұрап жүгінген. Оларға амбулаториялық көмек көрсетіліп, денсаулықтарына аса зиян келмегендіктен үйлеріне қайтарылған.

Зардап шегушілердің қатарында әзірге ауруханаға жатқызылғаны жоқ.

Берік Арманов
Бөлісу: