Көкшетаулық дәрігер жылдың үздік мейірбикесі атанды

17 Желтоқсан 2023, 21:19 984

Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасының анестезиология және реанимация бөлімшесінің аға мейіргері Троценко Ирина Владимировна "Үздік стационарлық мейігер"номинациясы бойынша жылдың үздік мейіргері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мейіргер мамандығын таңдау менің балалық шағымдағы арманы болды, өз кәсібімді өте жақсы көремін және бағалаймын, үнемі біліктілігімді арттырамын, мастер-кластарға қатысамын, - деді Ирина Владимировна.

Денсаулық сақтаудың кез-келген учаскесіндегі мейіргерлер - бұл дәрігерлердің таптырмас көмекшілері, кейде олардың білімі мен тәжірибесі оларға көптеген функцияларды өз бетінше шешуге, қиын төтенше жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Стационардың орта медицина қызметкерлерінің міндеттеріне сан жетпейді, пациенттер тәулік бойы назар аударуды, дәрігерлік тағайындаулардың орындалуын бақылауды, дәрі-дәрмектерді уақытында беруді, тазалықты талап етеді.

Ал ең қиын учаскеде - анестезия және реанимация бөлімшесінде мейіргердің рөлі дәрігерлермен бірдей.  Мұнда операциялық өрісті өңдейтін мейіргерлер, пациентті операцияға дайындайды, олар құрал-саймандарға, тігіс материалдарына және стерильділікке жауап береді, кез-келген штаттан тыс жағдайларда бірден әрекет етуі керек. Содан кейін операциядан кейінгі барлық асқынулар мейіргердің иығына түседі, олар осындай науқастардың әрқайсысына күтім жасауы керек. 

Ирина Владимировна оқуды, өз дағдыларын дамытуды тоқтатпайды. Жақында «Мейіргер ісінің үштұғырлығы: клиникалық практика, зерттеулер және білім беру» халықаралық конференциясына қатысты. Жұмысты оқумен ұштастыра отырып, 2023 жылы Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы ҚМУ бітіріп, «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша  «Академиялық бакалавриат»дипломын алды.

Ирина Троценконы көптеген пациенттер пандемия кезінен, ИАО реанимация бөлімшесінде аға мейіргер болып жұмыс істеген кезде және коронавирус инфекциясымен күресте пост және емшаралық мейіргердің лауазымдық міндеттерін орындаған кезден бастап біледі. Сол қиын кезеңде әрбір медицина қызметкері адамдардың өмірі үшін күресте үлкен жүктемелерді өз мойнына алуға мәжбүр болды, ал мейіргерлер сол кезде алғы шепте болды.

 «Мейіргер – аяғы жоқтың аяғы, қолы жоқтың қолы, соқырдың көзі, әлсіздің қолдауы, жас ананың білім көзі және сенімділігі, нәрестенің күтушісі, сөйлеуге тым әлсіз немесе күйзеліске түскендердің аузы», - бұл мейіргер ісінің негізін қалаушылардың бірі Вирджиния Хендерсонның сөздері. Ирина Владимировна үшін бұл сөздер мейіргерлер жұмысының негізгі мәнін көрсетеді.

 
Перизат Саденова
Бөлісу: