Көкшетауда жасөспірім қыз 12-қабаттан секірмек болған

9 Мамыр 2023, 20:11 807

Көкшетаулық полицейлер көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, қоңырау 9 мамыр күні сағат 16:10 шамасында ЖБО-ға келіп түскен. Қоңырау шалған адамның айтуынша, танысы Абай көшесі, 135 мекен жайындағы көпқабатты үйдің төбесіне секірмек болып көтерілген.

12-қабатқа жеткен тәртіп сақшылары дереу шатырға көтеріліп, қыз балаға төмен түсуге көмектесті. Қазір полиция қызметкерлері 2009 жылы туған кәмелетке толмаған қызды осындай шарасыз қадамға баруға не итермелегенін анықтап жатыр, - делінген мәліметте.

Перизат Саденова
Бөлісу: