22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыКөкшетауда жаңғыртудан өткен жедел басқару орталығы іске қосылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Орталықтың жедел басқару залы заманауи «AET NX COB P» үлгісіндегі тұтас LED-экранымен және жаңа техникалық инфрақұрылыммен жабдықталған. Бұл орталықтың жұмыс тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік берді. Полиция департаменті бастығының орынбасары Тимур Омарбековтың айтуынша, Жедел басқару орталығы құқық бұзушылықтар мен төтенше жағдайларға ден қою жүйесіндегі негізгі буын болып саналады. Орталық қызметтердің әрекетін үйлестіреді, жедел ахуалды бақылап, тұрғындардың өтініштерін қабылдайды.
Мамандардың айтуынша, алдыңғы қатарлы визуализация және қорғаныс технологиялары бейнеқабырғаға сапалы көрініс пен кең шолу мүмкіндігін қамтамасыз етіп, оқыс оқиғаларға жедел әрекет етуге жол ашады.
Орталықта операторларға арналған сегіз жұмыс орны толық жаңартылып, әрқайсы заманауи компьютерлермен және дисплейлермен жабдықталған. Бейнебақылау жүйесі Көкшетаудағы 281 камераны, сондай-ақ Щучинск пен Бурабайдағы 27 камераны қамтиды. Бұдан бөлек, орталық білім беру, денсаулық сақтау, сауда және әкімшілік нысандарға орнатылған 4 мыңнан астам камераға қосылған.
Жоба қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға, жедел әрекет ету мүмкіндігін күшейтуге және орталық қызметкерлеріне қолайлы жұмыс жағдайларын жасауға бағытталған.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев