Көкшетауда қоқыс контейнерінен жарылғыш заттар табылды

23 Ақпан, 10:18 1958

Көкшетауда қала тұрғыны қоқыс контейнерінен жарылғыш заттар тауып алды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол гранаталарды бірден полицияға тапсыруды жөн көрген. Оларға тексеріс жасаған мамандар Ф-1 және РГД гранаталарына сыртқы ұқсастығын анықтаған.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «гранаталар» оқу құралы болып табылады және алғашқы әскери дайындық сабақтарына оқу құралы ретінде қолданылады.

Полиция жарылғыш заттар немесе қару-жарақтар тауып алған жағдайда дереу тұрғылықты жердегі ішкі істер органдарына хабарлау қажеттігін ескертеді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: