Көкшетауда полицейлер жанып жатқан пәтерден тұрғындарды эвакуациялады

5 Қазан, 15:06 711

Көкшетауда полицейлер жанып жатқан пәтерден тұрғындарды эвакуациялауға көмектесті. Оқиға кеше 4 қазан күні болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ІІМ мәліметінше, кешкі уақытта патрульдік полиция қызметкерлері Аманжол Мұратов пен Мейрам Шайжановқа Сүлейменов көшесіндегі тұрғын үйдің 4-қабатында өрт шыққаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына келгенде өрт пәтердің едәуір бөлігін шарпығанын көрдік. Өрт кезінде ер адам балконнан секіріп кетті, ал менің әріптесім жедел жәрдем келгенге дейін оның жанында болды. Пәтердің ішінде тұрғындар болған, өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтаумен айналысып жатқанда, біз адамдарды эвакуациялай бастадық, - деді Аманжол Мұратов.

Тәртіп сақшылары екі баласы бар ананы, әжей мен әйел адамды тез арада қауіпсіз жерге шығарған. Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп, жалынның көрші пәтерлерге өтуіне жол бермеді. Жедел әрекеттің арқасында адам шығыны болған жоқ.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: