Көкшетау қаласында екі бала пәтерде қамалып қалып, құтқарушылардың араласуымен сыртқа шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқару қызметіне 2020 және 2022 жылдары туған екі бала пәтерде қамалып, өздігінен шыға алмай қалғандығы туралы шақыру келіп түскен. Осыдан кейін құтқарушылар жедел шақыру орнына келіп, есікті ашып берді. Оқыс оқиғадан балалар зардап шеккен жоқ.