Көкшетауда өз пәтерінде қамалып қалған әйел құтқарылды

Көкшетауда өз пәтерінде қамалып қалған әйел құтқарылды

Көкшетауда жергілікті тұрғын өз пәтерінде қамалып қалған. Бұл туралы құтқарушыларға үй иесінің құрбысы хабарлап, көмек сұраған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде үй иесі есінен танып құлап, қасында болған құрбысы есікті ішінен аша алмағаны белгілі болды. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен есікті ашып, үй иесін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.