25.10.2025
21:46
631
Көкшетауда өрттен балаларды құтқарған жандарға құрмет көрсетілді

Көкшетауда өрттен балаларды құтқарған жандарға құрмет көрсетілді

Ақмола облысы Біржан Сал ауданының Үлгі ауылында болған өрт кезінде балаларды құтқару барысында ерлік көрсеткен азаматтарды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бақытжан Алашов ТЖ министрі Шыңғыс Әріновтің атынан Ерлан мен Мирас Тоқсанбаевтарға, сондай-ақ Злата Черкасскаяға «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалін табыстады.

Әке мен бала Тоқсанбаевтар өрт кезінде үш баланы аман алып шығып, екі газ баллонын сыртқа шығарып үлгерген. Ал Злата Черкасская өрт басталған сәтте ең бірінші болып інісін құтқарған.

ТЖД бастығы Бақытжан Алашов марапаттау кезінде бұл азаматтардың ерлігі мен әрекеттері нағыз қаһармандық пен адамгершіліктің жарқын үлгісі екенін атап өтті.