Ақмола облысында ТЖМ қызметкерлері өрттен бір адамды құтқарып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқыс оқиға Көкшетау қаласының Абай көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде пайда болып, үй заттары отқа оранды. Жедел түрде апат орнына шақыру орнына түскен соң 3 минуттан кейін келген өрт сөндірушілер пәтерге балкон арқылы автосатының көмегімен кірді.
Құтқарушылардың қайсарлық және кәсіби әрекеттерінің арқасында 1985 жылы туған ер адам түтінді пәтерден құтқарылды. Оны жедел жәрдем көлігіне тапсырды. Өрт шыққан сәттен бастап 20 минут ішінде жедел сөндірілді, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.