Көкшетауда мүгедектігі бар жандардың құқығы бұзылғаны анықталды

13 Наурыз 2023, 10:18 879

Ақмола облысының прокуратурасы Көкшетау қаласы бойынша мүгедектігі бар азаматтардың құқығы бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Тек іріктеп тексеру арқылы пандустардың болмауы, көлбеу бұрышының сәйкес келмеуі және басқа да бұзушылықтары бар 36 жаңа нысан анықталды. Бұл ерекше қажеттілікке мұқтаж жандардың қозғалысын қиындатады. Прокуратураның жедел шаралары бойынша 18 объект талаптарға сәйкес келтірілді, көтергіш құрылғылар, пандустар, борттар, тұтқалар, контрастты таңбалар орнатылды, кіреберіс есіктердегі табалдырықтар алынып тасталды», - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Алдағы уақытта өзге нысандар да заң талаптарына сәйкес бейімделетін болады.

EL.KZ
Бөлісу: