Көкшетауда мектеп автобусының жүргізушісі оқушыларға қауіп төндірді

31 Қаңтар, 15:33 871

Көкшетау қаласының прокуратурасы облыс орталығының оқу орындарында тексеру жүргізу кезінде оны жүргізуге тиісті санаты (D) жоқ адамның мектеп автобусын басқару фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жол жүрісі ережелерінің талаптарына сәйкес, балаларды күнделікті тасымалдайтын аталған жүргізуші қажетті рұқсат құжаттары мен дағдылары болмағандықтан мектеп автобусын басқара алмайды.

Осыған қарамастан, мектеп директорының орынбасары жауапты шенеунік бола отырып, оны басқаруға рұқсат берді. Бұл факт оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Прокурорлық тексерулер барысында автомобиль көлігі және жол жүрісі туралы заңнаманың басқа да бұзушылықтары анықталды, - делінген ақпаратта.

Кінәлі адамдар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды, жүргізуші мектеп автобусын басқарудан шеттетілді.

Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлескен  жұмыс жалғасатын болады. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: