Көкшетауда компьютерлік клубтардан ұрлық жасаған адам ұсталды

10 Тамыз 2023, 17:14 989

Ақмола облысында компьютерлік клубтардан ұрлық жасаған азамат ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көкшетау қаласының полиция басқармасына кәсіпкерлер өтініш білдіріп, ұрлық деректері туралы хабарлаған. Бір клубта мекеме иесінің өтініші бойынша 24-25 маусым аралығында белгісіз адам Samsung А71 маркалы телефонды ұрлап кеткен.

Екінші жағдайда кәсіпкердің айтуынша, күдікті еркін қол жеткізу арқылы Rolit-2060 маркалы видеокарта бөлшектеліп, ұрланған. Залалдың жалпы сомасы 530 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар адамды анықтады.

Полиция басқармасы екі дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Тұлғаның осыған ұқсас қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Равиль Ашығали
Бөлісу: