Көкшетауда із-түзсіз жоғалған 33 жастағы әйелдің денесі табылды

9 Шілде, 14:46 1296

Көкшетауда із-түзсіз жоғалған жергілікті тұрғын 33 жастағы әйелдің денесі табылды, полиция осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғалған әйелдің денесін табу дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі («кісі өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Күдікті анықталып, ұсталды. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, - деп түсіндірді ведомстводан.

Еске салсақ, Көкшетау қаласының 33 жастағы тұрғыны осы жылдың 4 шілдесінде үйінен шығып, белгісіз бағытта кетіп қалған. Сол күні оған іздеу жарияланып, полиция мен еріктілер іздестірді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: