Көкшетауда есірткі тасымалдаған Астана тұрғыны 11 жылға сотталды

19 Маусым 2023, 11:22 935

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі мөлшерде психотропты заттарды өткізу мақсатында заңсыз сатып алған, сақтаған және тасымалдаған Астана қаласының 36 жастағы тұрғынына үкім шығарды. Сот шешімімен ер адам 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына елордалық тұрғынның Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарының аумағында есірткіні заңсыз сатумен айналысатыны туралы хабар түскен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті Көшетау қаласының аумағында кезекті есірткі сату кезінде ұсталды.

2022 жылғы 15 желтоқсанда күдікті ұсталып, одан 480 грамнан астам а-PVP және 363 грамм эфедрон тәркіленді. Сот отырысында ер адам өз кінәсін ішінара мойындады, есірткі тасымалдағанын білмейтінін, оған қауіп төніп тұрғанын және тыйым салынған заттарды таратуға мәжбүр болғанын айтты. Алайда, есірткі сатушының бүкіл дәлелдерінен көмек болмады және кінәсі толық дәлелденді, - деді ведомстводан.

Сот үкімімен 36 жастағы сотталушы Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Равиль Ашығали
Бөлісу: