Көкшетауда ер адам көлігінде уланып, көз жұмды

10 Қараша 2022, 18:25 974

Полицейлер автокөлік жүргізушілерін қауіпсіздік шараларын ұмытпауға шақырады

Көкшетауда ер адам көлігінде уланып, көз жұмды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 8 қарашада Көкшетау қаласында орын алды. Облыс орталығының 32 жастағы тұрғынының зорлық-зомбылық белгілері жоқ денесі гаражда тұрған көліктен табылды.

Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, ер адамның өлімі көміртегі тотығымен улану салдарынан болған. Қазіргі уақытта полицейлер қайғылы оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауда.

Полицейлер автокөлік жүргізушілерін қауіпсіздік шараларын ұмытпауға шақырады. Газбен уланудың алдын алу үшін автокөліктің шығару жүйелерінің дұрыстығын және олардың герметикалығын үнемі тексеріп отыру қажеттігін еске салады.


EL.KZ
Бөлісу: