Көкшетауда «Bolashaq saraıy» базасында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
Олимпиада 2024 жылғы 3-7 ақпан аралығында Көкшетау қаласында өтті, оған Ақмола облысының 450-ден астам оқушылары, ІІ (аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн көтеру.
Олимпиада қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарда екі турда, өткізу кестесіне сәйкес, пәндер бойынша, классикалық олимпиадалық тапсырмалар түрінде өтті.
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының ұжымымен олимпиадаға қатысушылар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Олимпиаданы өткізу қорытындысы бойынша 211 ақмолалық оқушылар жеңімпаздар, жүлдегерлер және грамота иегерілері атанды: І орын-40; ІІ орын – 41; ІІІ орын – 103; грамота - 27.
Жүлделі орындардың санына сәйкес ІІІ кезеңнің командасы анықталды, ол «Үздік олимпиадалық команда-2024», кубоктарымен атағына ие болды:
- жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша:
«Білім-инновация» лицей-интернатының командасы;
Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 мамандандырылған мектеп-интернатының командасы командасы;
Көкшетау қаласының командасы;
- қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша:
Көкшетау қаласының командасы;
Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 мамандандырылған мектеп-интернатының командасы командасы.
«Білім-инновация» лицей-интернатының командасы;
«Ең үздік олимпиадалық ауыл мектебі-2024», кубогымен атағына ие болды: Целиноград ауданы, Қоянды ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің командасы.
«Ауыл мектебінің ең үздік олимпиадалық оқушысы-2024», кубогымен атағына ие болды: Есіл ауданы, Свободное ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Дедейко Надежда.
Жеңімпаздар жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде Ақмола облысының намысын қорғайды.