Көкшетауда ойын алаңындағы әткеншекке мінген оқушы қыз құлап түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Орта мектеп оқушысы сол қолының білегінен жарақат алған. Оқиға құтқарушыларға жақын маңда болған екен.
Жедел-құтқару жасағының медбике-құтқарушысы Дәмегүл Шашкенова дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетті.