Көкшетауда адам бопсалаумен айналған күдікті ұсталды

3 Қараша 2023, 07:30 751

Көкшетауда адам бопсалаумен айналысқан, бұрын сотты болған 39 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күдікті танысынан 400 мың теңге ақша талап ететіні және ол бас тартқан жағдайда физикалық зорлық-зомбылық жасаймын деп қауіп төндіретіндігі белгілі болды.

Күдіктінің бұрын бірнеше рет сотталғаны, бірнеше жыл бұрын бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны және ресми түрде еш жерде жұмыс істемейтіні анықталды.

Жеке тінту кезінде құқық қорғау органдары ұсталған адамнан ақша, суық қару, сондай-ақ синтетикалық есірткіге ұқсас зат тәркіледі. Тыйым салынған заттың құрамы мен салмағын сараптама анықтайтын болады.

Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті ұсталып, уақтыша ұстау оқшаулағышына қамалды, - делінген ведомствоның мәліметінде.

Берік Арманов
Бөлісу: