Көкшетауда 60-қа жуық көпбалалы отбасы жаңа баспана алды

19 Маусым, 02:27 682

Облыс орталығының алпыс үш отбасы бірден қоныстанды. Оның ішінде 43 көпбалалы отбасы және 20 жетім бала бар, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов көкшетаулықтарды қоныс тойымен құттықтады.

Өз үйіне ие болу - әр отбасы үшін, әр адам үшін үлкен мереке. Ел Президенті бірінші кезекте азаматтардың әл-ауқатын және тіршілік сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыруға ерекше назар аударады. Маңызды бағыттардың бірі - тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бүгінгі оқиға - қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі нақты шара, - деп атап өтті М.Ахметжанов.

Ағымдағы жылы өңірдегі халықтың әлеуметтік осал топтарының санатына 840-қа жуық пәтерді тапсыру жоспарлануда, оның ішінде 500-ден астамы облыс орталығында. Бұл мақсаттарға шамамен 16 млрд теңге бюджет қаражаты бөлінді. Тұрғын үйді сатып алудың жаңа форматы көп балалы отбасылардың, жетім балалардың, мүгедектердің және басқа да санаттағы балалардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, ең бастысы - кезекті қысқартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, кредиттік тұрғын үй алудың мемлекеттік тетіктері де жұмыс істейді. Барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша 1500-ге жуық ақмолалықты жаңа қоныспен қамтамасыз ету жоспарлануда. 

Көп балалы ана, «Алтын  алқа» иегері Гүлмира Қожахметова  2010 жылдан бері кезекте тұр.

Мен өте қуаныштымын және ризамын. Біз бұл сәтті 14 жыл күттік. Біздің жаңа пәтер өте жайлы, жарық және кең. Жақын жерде мектеп пен балабақша бар, - деді Көкшетау тұрғыны.

Айта кетейік, облыста жаңа тұрғын үйлердің құрылысы қарқын алуда. Тек соңғы жылдары өңірдің тұрғын үй құрылысына 200 млрд теңгеден астам инвестиция салынды, 2 млн м2 жуық тұрғын үй тапсырылды. Нәтижесінде 12 мыңға жуық ақмолалық отбасы өздерінің тұрғын үй мәселелерін шешті.

Зарина Арман
Бөлісу: