Көкшетауда 5 жасар баланы көлік қағып кетті

21 Шілде 2023, 23:08 1051

Көкшетауда 5 жасар баланы көлік қағып кетті. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

20 шілде сағат 18.52-де Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне медицина қызметкерлерінен «ЖБМЖ, МШ, төменгі жақтың сынуы, төменгі еріннің жаралары» диагнозымен соқтығысу салдарынан зардап шеккен кәмелетке толмаған баланың ауруханаға жеткізілгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары орталық базар аумағында 5 жасар баланы көлікпен қағып кеткені анықталды. Жол-көлік оқиғасына кінәлі азамат Солтүстік Қазақстан облысының 49 жастағы тумасы.

Тексеру барысында Toyota Avensis жүргізушісі базар аумағынан шығып бара жатып, баланың жолға қалай жүгіріп шыққанын көрмегені және соққының салдарынан нәрестені артқа қарай лақтырып жібергені анықталды.

Ата-аналар баланың алдында жүріп келген. Осы фактіге қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Сараптама тағайындалды.

Перизат Саденова
Бөлісу: