Көкшетау қаласы мәслихатына таңдалған депутаттар тізімі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Көкшетау қаласы мәслихатына депутат болғандар:
- №1 сайлау округі бойынша – Мереке Ерсайұлы Жүсіпов, 1970 жылы туған, Ақмола облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, Көкшетау қаласы;
- №2 сайлау округі бойынша – Әкімдер Дастан Алтайұлы, 1985 жылы туған, «Altyntau Kokshetau» АҚ қызмет басшысы, Көкшетау қаласы;
- №3 сайлау округі бойынша –Гүлайым Ерғалиқызы Есенова, 1966 жылы туған, «Yessenova Low Group» адвокаттық кеңсесінің басшысы, Көкшетау қаласы;
- №4 сайлау округі бойынша – Руслан Аманбайұлы Мақышев, 1976 жылы туған, «Көкшетау жылу» ШЖҚ МКК бас директоры, Көкшетау қаласы;
- №5 сайлау округі бойынша – Жанат Ерденұлы Жақыпов, 1986 жылы туған, «Болашақ біздің қолымызда» корпоративтік қорының атқарушы директоры, Көкшетау қаласы;
- №6 сайлау округі бойынша – Ерсайын Дулатұлы Жақсылықов, 1987 жылы туған, «Гормолзавод» ЖШС директоры, Көкшетау қаласы;
- №7 сайлау округі бойынша – Рамазан Сапарұлы Мұқатаев, 1972 жылы туған, «Бірлік» Ақмола облысының мүгедектер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы, Көкшетау қаласы;
- №8 сайлау округі бойынша – Ғалия Зиябекқызы Сабатаева, 1964 жылы туған, «Қалалық емхана» ШЖҚ МКК бас дәрігері, Көкшетау қаласы;
- №9 сайлау округі бойынша – Фаим Маратұлы Жұмабеков, 1987 жылы туған, «Уаѕіп 2020» ЖШС директоры, Көкшетау қаласы;
- №10 сайлау округі бойынша – Қанат Бауыржанұлы Сердалин, 1989 жылы туған, «Алуа-Строй» ЖШС директоры, Көкшетау қаласы;
- №11 сайлау округі бойынша – Қоқан Маратұлы Хасенов, 1988 жылы туған, жеке кәсіпкер, Көкшетау қаласы;
- №12 сайлау округі бойынша – Олег Иванович Топорков, 1971 жылы туған, «Көкше-Тазалық» ЖШС директоры, Көкшетау қаласы;
- №13 сайлау округі бойынша – Рүстем Ерікұлы Тұржанов, 1968 жылы туған, «ЭнергоПромТехно» ЖШС директоры, Көкшетау қаласы;
- №14 сайлау округі бойынша – Зәуреш Олжабайқызы Нұрымова, 1965 жылы туған, «Аманат» партиясы Көкшетау қалалық филиалының төрәйымы, Көкшетау қаласы;
- №15 сайлау округі бойынша – Дәулетхан Тоқтарұлы, 1985 жылы туған, «Көкшетау Транстелеком» басқарушы директоры, Көкшетау қаласы;
- №16 сайлау округі бойынша – Әлібек Сабыржанұлы Серғалиев, 1989 жылы туған, «Серғалиев» ЖК директоры, Көкшетау қаласы;
- №17 сайлау округі бойынша – Нұрлан Абайұлы Сейдалин, 1993 жылы туған, «СейНур фирмасы» ЖШС директорының орынбасары, Көкшетау қаласы.