Көкпаршылар ойын кезінде ер адамды таптап кетті

14 Сәуір 2023, 14:40 1174

Әлеуметтік желіде «Көкпар» ойыны кезінде ер адамды ат басып кеткен видео тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ең сорақысы, ат басып кеткен кісіге көмектесудің орнына ойынға берілген көкпаршылар да үстінен атпен таптап жатыр. Ер адамға ешкім көмектескен жоқ. 

Оқиғаның қай жерде және қашан болғаны белгісіз. Желі қолданушылары бұл жағдайдың Қырғызстанда болғанын жазып жатыр. Сондай-ақ жүлде үшін жанын берген көкпаршылардың ат астында қалған адамға қол ұшын созбағанын сынап жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: