Көкөніс бағасы төмендей бастады

13 Тамыз, 09:58 313

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова көкөніс бағасының маусымдық төмендеуі басталғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бижанованың мәліметінше өткен аптада сәбіздің бағасы 1,1%-ға, картоп 0,6%-ға арзандады.

Сонымен қатар тауық жұмыртқасы - 0,5%, күріш - 0,2%, қант - 0,3%, айран - 0,4%, қарақұмық жармасы -0,2%, бірінші сортты нан мен ұн - 0,1%, сиыр еті -0,1% арзандады.

Ал күнбағыс майының құны ұзақ уақыт төмендегеннен кейін 0,5%-ға, тұз 0,2%-ға, май бағасы 0,3%-ға өсті.

Нарықтық факторлардың ықпалына қарамастан, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасының өсуін нөлдік деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік туды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: