1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКөк Жайлау шатқалында 18 жастағы туристі құтқару жасағы аман тауып, жақындарына табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, 13 тамызда түнгі сағат 1.15-те ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы туристі іздеуге тауға шыққан. 2005 жылы туған жас жігіт 12 тамызда таңертең Көк Жайлау шатқалына кетіп, оның телефоны байланыс аясынан тыс жерде болған.
Құтқарушылар тауда жоғалған адамды түнгі сағат үште тапқаны белгілі болды. Қатты жауған жаңбыр мен қараңғы түсуіне байланысты турист шатқалдан өздігінен түсе алмай қалғанын атаған. Сағат 5.20-да құтқарушылар жасөспірімді туыстарына жеткізді.
ТЖМ құтқарушылары осы ретте тауға шықпас бұрын бағытты, ауа-райын қарауды ұсынады. Сонымен бірге, туыстарына немесе таныстарына бағыт туралы және қалаға оралу уақытын айтуы тиіс.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?