«Көгере бастаған». Дәрігер ойыншық жұтқан баланы аман алып қалды

17 Қаңтар, 15:29 1884

Көкшетауда ойыншықтың дөңгелегі тамағында тұрып қалған баланы дәрігерлер дер кезінде құтқарып қалды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Жедел жәрдемге қоңырау шалған ата-ана балның ойыншық жұтып қойғанын айтқан. Оларға арқасынан сипап, бес рет соғу керектігі айтылды. Алайда, бұл әдіс тамағында тұрған ойыншықтың бері шығуына септігін тигізбеген.

Жедел жәрдем бригадасының фельдшерлері жедел жетіп, оны көлікке отырғызып алып кеткен. Жолда бала қатты жөтеліп, көгере бастаған. Баланың аузын ашып қараған фельдшер тамағында тұрып қалған ойыншықтың дөңгелек бөлшегін байқап қалған. Сөйтіп ол Геймлех әдісін қолданып ойыншық бөлшегін баланың тамағынан алып шықты.

Қазір баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: