Қоғамдық сананы жаңғырту

17 Сәуір 2017, 10:59 12707

Сарапшы пікірі

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласы Елбасы саясатының логикалық жалғасы. Мемлекет басшысының мақаладағы еліміздегі ауқымды жаңғыру бұқаралық сананы жаңғыртпай мүмкін емес деген пікірімен келісемін, деп атап өтті ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы аппаратының жетекшісі Гүлнар Сейтмағанметова.

«Елбасының елімізде бейбітшілікті сақтап қалуды қозғауы және бұқаралық сананы өзгерту тұралы ұсыныс білдіруі өте маңызды. Басты мақсат жаңа шындық жағдайында мықты және жауапты адамдардан тұратын біртұтас ұлт болу», – деді Г. Сейтмағанбетова.

Оның пайымынша,  ұсынылып отырған жаңғырту жолдары қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін көтеруге, қоғамдық сананы өзгертуге, мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды, өзіндік ұлттық кодымызды сақтауға және нығайтуға бағытталған.

«Ұлттық салт-дәстүр, әдебиет әрқашан халықпен бірге болу керек. Өз еліңнің тарихын білу және ұмытпау өте маңызды іс. Бір тұтас және ұлы ұлтқа жататынымызды ұмыту кешірілмес күнә. Онсыз жаңғыру бос әңгіме ғана», – деп атап өтті Г. Сейтмағанбетова.

Депутат баса айтқандай, Мемлекет басшысы атап көрсеткен нақты 6 жоба рухани және ұлттық құндылықтар жолының жаңғыруына алып келеді.

« Мақалада қазақстандық мәдениеттің даму мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп, «Туған ел», «Туған жер» бағдарламаларын жасақтау тапсырылған. Ал, білім беру саласында қазақ тілін кезең кезеңімен латын әліпбиіне көшіру ұсынылған. «Жаңа гуманитарлық білім. 100 қазақ тіліндегі жаңа оқулық» жобасы білім беру мекемелеріндегі сапалы дайындықты көздеп отыр. Біздің халқымыздың тарихы, мәдениеті, салт дәстүрі өте бай, әрі жарқын. Осы ретте ұсынылып отырған «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық құндылықтарымызды сақтап, елімізде  туризмді дамытады», – деп ағынан жарылды Г. Сейтмағанбетова.

Елбасы ерекше атап өткендей, әлем Қазақстанды саяси, экономикалық жетістіктерімен ғана емес, мәдени жетістіктеріненде тану керек.

«Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет»  жобасы көптеген өнерлі өнерпаздарға жол ашады, олар өздерінің жетістіктерімен Қазақстанның келбетін анықтайды», – деп ағынан жарылдыы  Г. Сейтмаганбетова.

Қайрат Жандыбаев

Бөлісу: