31.10.2025
22:11
756
Климаттық ауытқулар мен жауын-шашынның жылдық динамикасы

Климаттық ауытқулар мен жауын-шашынның жылдық динамикасы

Атмосфералық жауындардың жыл ішіндегі таралулары климаттық индекс болуы мүмкін. Климаттың бір көрсеткіштері ретінде жылдық тарлымдарымен байланыстылылығы, барлық метеоэлементтердің жылдық амплитудасы қарастырылады. Бірақ климатты қарастырғанда, тек ауа температурасын, амплитудасын ғана алады, деп жазады El.kz интернет порталы.

Басқа метеошамалардың көбісінің жылдық жүрістері дерлік қарастырылмайды. Сонымен қатар жауынның жылдық амплитудасы да қызықтырақ болып табылады. Бірінші жағдайда генезис анализі жауындардың әртүрлі типтегі жылдық жүрісі болып табылса, екінші жағынан оның жер бетіне әсері болып табылады, мысалға өсімдіктер мен топырақ күй әсеріне.

Кеңес Одағының (КСРО) көп жерлерінде жауынның жылдық амплитудалары 40 мм шамадан асады. Кей аймақтарда 50 мм-ді құрайды. Солтүстік және оңтүстік аудандарда керісінше 40 ммге төмен. Орташа мәндері бойынша Сібірде 60 ос.е жылдық амплитуда орташа 10 мм көбейеді, 50 мм-ге дейін жетіп, кей аудандарда одан да жоғары болады.

Ең үлкен мәні 100–125 мм-ге жетеді, ол Байкал және Теңізге жақын аймақтарда, тағы Кавказда және Орталық Азия елдерінде байқалады. Жылдық амплитуданың ең аз өзгеру көрсеткіштері 15–20 мм, көбінде Қазақстан аймақтарына тән болып келеді.

КСРО көлемінде жылдық амплитуда тез өзгеретін аймақтар да бар. Сондай бір аймақтардың бірі – солтүстік және батыс Қазақстан. Бұл аймақтарда 250–300 км ұзақтықта жылдық амплитуда 50–75-тен 20–30 мм-ге дейін төмендейді. Екінші аудан ұзақтығы 200–300 км болатын 75–125 мм аралығында өзгерілуі. Ал үшінші аймақ Беринг теңізі жағалауы мен Қолым тау жоталарында орналасқан, онда амплитуда мәні 40–50 мм.

Көбінде жылдық амплитудалар температуралық амплитудаларға бағынышты болып келеді. Оның көрсеткіштері шамалы жауынның амплитудаларына сәйкес болуы керек. Көбінде айлық салыстырулар жүргізіледі.

Жауынның жаууына байланысты көктемгі–жазғы (наурыз–тамыз) және күзгі–қысқы (қыркүйек–ақпан) жарты жылдықта жауынның жылдық жүрісінің төрт түрін ажыратуымызға болады:

1) континенталды емес, С – 1,0-ден кіші;

2) жартылай континенталды, С – 1,75 пен 1,0 аралығында;

3) континенталды С – 3,5 пен 1,75 аралығында;

4) шұғыл континенталды, С – 3,5-тен жоғары.

Күзгі–қысқы жауындар басымырақ сол кездерде континенталды климатқа тән емес. Керісінше, көктемгі–жазғы жауындар басымдырақ болса, онда континенталды климат болып келеді. Салқын кезеңдерге қарағанда, жылы кезеңдерде теңдіктер екі есе аз болып келген.

КСРО көлемінде жауынның жылдық жүрісінің жартылай континенталды түрі сәйкес келеген. Шұғыл континенталды түрі Байкал маңына тән болып келеді. Континенталды емес түріне Камчатка аймағы, Курил аралдары және Сахалин аралдарына тән, тағы Балтық жағалауларының біраз батыс бөліктері, көбіне Каспий маңы жатады.

Атмосфералық жауындардың жылдық амплитудалары абсолютті мәндері мезгіл бойынша жауынның түсуінің деңгейін қайталамайды. Өте үлкен жаңбырлы аудандарда жауындардың жылдық тербелістерінде амплитуданың анағұрлым жоғары мәндері беріледі.

КСРО территориясы бойынша екі максимум болатын аудандар – ол Қара және Каспий теңіз жағалаулары, Шығыс Кавказ және Тұран ойпаты.

Жауын–шашындар, сол немесе басқа аудан ауа райының негізгі сипаттамасы болып табылады. Сол себепті осы метеорологиялық элементті оқып-үйренудің жан-жақты практикалық маңызы, әсіресе, халық шаруашылығы үшін өте зор болып табылады. Әдетте, синоптик халық шаруашылығын ауа райымен қамтамасыздандарғанда тұтынушыларға жауын–шашын жауған күндер санын ескермей, болашақтағы жауын–шашын мөлшері аномалиясының (ΔR) болжауларын мәлімдейді. Ал айлық аномалия көрсеткіштері айлық ішіндегі жауындардың таралуы туралы аз мәлімет береді. Кей жағдайларда бір жауған нөсерлі жауындар жауын мөлшерлерінің айлық қалыптысынан асып кетуі мүмкін. Басқа жағынан, әртүрлі қарқындылықтағы жауындардың қайталанушылығы жауын–шашындардың тапшылығы мен артықшылығының синоптикалық процестерін зерттеуге мүмкіндік туғызады. Атмосфералық жауын–шашындардың жыл бойы таралы сипаты климаттық индекс болып табылады. Сонымен қатар атмосфералық жауын–шашындардың жылдық амплитудасын талдау теориялық және практикалық қызығушылық тудырады [10].

Қазіргі кездегі алдыңғы орында климаттық және ұзақ уақытқа болжаулардағы метеорологиялық элементтердің үлкен көлемдегі ауытқулары қиындық туғызады. Ол үшін біріншіден үздіксіз ауытқуларды бақылап, үнемді торлар болуы қажет.

Жауынның үлкен көлемдегі статистикалық түйінді мәселені талдаудағы қиындықтар жер бетінің жауындар ылғалдылығын арттырады. Бұл мәселе ауа райын болжауға қарағанда әлде қайда қиынырақ болып табылады. Осы себептерден үлкен аймақтардағы жауын алқабы және уақыт бойынша өзгерулерін көптеген жұмыстар жүргізілуде. Қызықты мәліметтер ретінде бұл зерттеулердің бір жағынан солтүстік жарты шардағы жауынның ауытқу аномалияларын білу болып табылады. Ал екінші жағынан, елдің құрғақшылық аудындарына байланысты келген. Осы мәселеден шығудағы мақсаттар әртүрлі болып келген. Жұмыстар нәтижелерінде атмосфералық жауындардың ауытқуларының құрғақшылық мәндері көрсетілген.

Әртүрлі өлшемдердегі негізгі көбінде орта қағидалары ауытқулардың аномалияларының қарқындылығының жағдайлары қарастырылады, алынған аймақ бойынша гидрометеорологиялық шамалар қарастырылады.

Ауытқуларды білу жауыншашын аймағында құрылымдық көзқарас қолданылған, екі аймақта жүргізілген. Мұндай көзқарас жұмыс барысының басында ғана қажет етіледі. Басқасында ол алынған геометриялық аймақ бойынша нақтылы аудандар бойынша қарастырылады. Бұл аймақтарға үлкен көлемдегі координата аймақтар қажет. Келесіде аудандардың салыстырмалы жауындардың аналогтары қолданылады, оларды тапшылық және артықшылық деп атаймыз.

Жауын мөлшері мен ауа температурасының ауытқуларының корреляциясы жылы кезеңде орын алады. Жылдың салқын кезеңдерінде бұл байланыс ауытқулары тікелей, бірақ әлсіздеу. Жылы кезеңдеде, салқын кезеңдеде жоғары корреляция оңтүстік–шығыста байқалады және солтүстік Қазақстанда максимумдары Орал аймағы байқалады, мұнда корреляция коэффиценті жазда (-0,68)-ге жетеді, қыста 0,35-ке жетеді. Осы жағдайда байланыстың аз аймағы Арктика аймағында байқалды.

Уақыт өткенде корреляция таңбасы бір уақыттарда араласады. Күзде қысқа өткен уақытта солтүстіктен оңтүстікке бағытталады, көктемнен жазғы уақытқа өткенде оңтүстіктен солтүстікке өтеді.

Жылдық температура мен жауынның байланысы әр түрлі ұзақтылықта уақытта біркелкі болмауы мүмкін. Тағы ауытқулардың байланысы аудандарға байланысты болып келген.

Алынып отырған аймақтың ауа райының сипаттамаларының бірі – жауын-шашын болып табылады. Сондықтан осы элементті зерттеу тәжірибеге қажетті мән болып отыр. Синоптиктер тұтынушыға мәліметтерді бергенде күтілетін аномалия мәнін (ΔR) береді, бірақ мұнда жауынды күндер санын берілмейді. Айлық жауын–шашынның аномалиялары ай ішіндегі жауын–шашынның таралуын азайтады. Кей жағдайларда табиғатта күшті жауын–шашынның мәні айлық жауын–шашынның мәнінен жоғары болатын кездер кездесіп тұрады.

Тәжірібиеде көрсеткендей, жауынды күндер саны жауын–шашынның айлық жалпы мәндерін көрсетеді. Басқа жағынан әр түрлі қарқындылықтағы жауын–шашынның таралуының қайталанушылығы синоптикалық жағдайларды тереңдеп қарастыру жауынның тапшы және ылғалды болған жағдайларды анықтайды.

Жауын-шашын мен температураның ірі аномалияларын ұзақ мерзімге болжау қиындығы – заманауи метерологияның ең маңызды және қиын тапсырмаларының бірі болып табылады. Ірі аномалияларға көптеген жұмыстар арналған. Ол жұмыстарда негізінен ірі аномалиялардың ұзақ мерзімді болжамдарының синоптикалық әдістері өңделеді. Ірі аномалияларды анықтау критерийлері ретінде территорияның көп бөлігінде орташа квадраттық ауытқу шамасынан жоғары немесе кейбір абсолютті аномалия шамасынан жоғары өлшемдер қолданылады. Басқа жұмыстарда аномалия түрлерін анықтау үшін Н.А. Багров ұсынған аномалия коэффициенті қолданылады. Аномалия коэффициентіне қарастырылып отырылған аудандағы барлық үлкен және кіші аномалия шамалары кіреді.

Бір пункте немесе ауданда пайда болған аномалия ошағы келесі айда көрші пункке орын ауыстырады. Алғашқы ошағына қарағанда, кеңейіп, айтарлықтай қашықтыққа дейін таралады. Ірі аномалияның таңбасы сақталып, созылу ұзақтығы 7-8 айға дейін жетуі мүмкін. Әдетте, аномалия шамасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның ошағы кең болады және тұрақтану уақыты да ұзағырақ болады. Жауын-шашынның оң таңбалы ірі аномалиялары жылдың барлық айларында теріс таңбалыға қарағанда көп. Бұл жауын-шашындардың асимметриялығына сәйкес келеді.

Оңтүстік аудандардың аномалиялығына қарағанда, солтүстіктікі жоғары. Ыстық және құрғақ жылдар антициклонды ауа райына сәйкес келеді. Жазда жауын-шашынның ірі оң таңбалы аномалиялары циклондық әрекеттің белсенділігімен және Атлантикадан ылғалды ауа массаларының келуімен байланысты.