Кісі өлтіргені үшін 1,5 жылға сотталған экс-прокурордың жаза мерзімі ұзартылды

4 Мамыр, 09:55 2506

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы прокурорының бұрынғы орынбасарына абайсызда кісі өлтіріп алғаны үшін 1 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы 8 жылға ұзартылты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Апелляциялық сот сатысы Мұнайлы ауданы прокурорының бұрынғы орынбасарына айыптау үкімін шығарды.

Апелляциялық сот алқасы істі зерттеу нәтижесі бойынша сотталушының ісі ҚР ҚК-нің 106-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа берілгені (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеліп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) анықталды. Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы-прокурор айыптауды онша ауыр емес жазаға, яғни ҚР ҚК-нің 104-бабы, 1-бөлігіне өзгерткен (Абайсызда адам өліміне әкеліп соғу). ҚПК-нің 337-бабы 7-бөлігіне сәйкес, егер прокурор айыпты өзгертсе, жәбірленуші бұрынғы айыптауды талап етпесе, сот істі жаңа айыптау бойынша қарайды. Сот отырысының аудио-бейне жазбасынан соттың айыптауды өзгертуге қатысты жәбірленушінің ұстанымын түсіндірмегені байқалады. Сот жарыссөзі барысында жәбірленуші ұсынылып отырған жазаға қатысты прокурормен келіспеген, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық соты.

Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан мәліметте 2023 жылдың желтоқсан айында айыпталушы Т. есімді азамат Ақтау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, жәбірленуші М-мен жанжалдасып, оны ауыр соққыға жыққаны айтылады. Салдарынан жәбірленуші жерге құлап, есін жимастан алған жарақаттардан қайтыс болған.

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен бірінші сатыдағы соттың үкімінің күші жойылып, жаңадан айыптау үкімі шығарылып, оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: