28 тамыз, жексенбі күні кіші Талдыкөлдің аумағына ағаш отырғызу жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, кіші және үлкен Талдыкөл бойынша эко-урбандалу қағидаттарын пайдалана отырып, қалалық аумақты елорданың саябақ аймақтарымен интеграциялау бойынша жұмыс жалғасуда.
Нұр-Сұлтандағы кіші және үлкен Талдыкөлде экопарк құрылады. Осы мақсатта бірінші кезеңде 1 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру бөлінді. Бүгінгі таңда үлкен Талдыкөл бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, Кіші Талдыкөл су объектісіндегі су балансын сақтай және толықтыра отырып, рекреациялық аймақ құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.