Кір жуатын машинаны қақтан қалай тазартқан жөн?

17 Шілде 2018, 14:59 79463

Өмір суруді жеңілдететін әдістер

Судың химиялық құрамына байланысты қаттылығы – кір жууға арналған автомат-машинаны межелі уақытта тазалап отырмаса жұмысын қиындатып, қаққа бөлейді. Әр жолы үйге шебер шақырту – арзан емес. Сіз күнделікті пайдаланатын кір жуғыш машинканы үй жағдайында, өте оңай әдіспен тазалауға болады.

Лимон қышқылы – таптырмайтын әдіс

Сыйымдылығы 3-4 киллограмдық кір жуғыш машинкаға 60 грамм лимон қышқылын пайдаланамыз. Әдетте лимон қышқылы қағаз қаптамада 20 граммдық болып өндіріледі. Сіз үш лимон қышқылын алсаңыз жеткілікті.

Әрі қарай өте қарапайым әдісті жүзеге асырамыз. Лимон қышқылын машинканың кір жуатын ұнтақ салатын бөлігіне саламыз. Мақтадан өндірілген киімдерді жуатын режимді таңдап, 60°қоямыз. Бұл әдіс – баттасқан қақтың беткі жұқа бөлігін тазалауға арналған. Егер машинкаңызды ұзақ уақыт тазаламаған болсаңыз, лимон қышқылының көлемін арттырып, кір жуудың ең жоғарғы режиміне қоюыңызға болады. Өте көп қақ жиналған болса – осы әдіс өте тиімді.    

Сіз бар болғаны «старт» батырғышын бассаңыз болғаны, қалғанын машинка өзі реттейді. Автомат деген атына сай су құйылып, кислотаның көмегі арқылы кір мен қақты әбден шайқап, ағызып жібереді.

Мамандардың пікірінше, кір жуатын машинаны 4 айда бір рет тазалап отырған абзал. Егер құбырдан келетін судың құрамы қаттылау болса, тазалықты жиірек жасағаныңыз дұрыс.   

Осы әдістің артықшылығы

Бұл – ең қарапайым және арзан әдіс. Егер маман шақырсаңыз әлбетте бұл қымбатқа түсуі ықтимал. Үнемі суды жұмсартатын ұнтақ сатып алу да арзан емес.  

Ал, енді нәтижесін тоқталар болсақ, лимон қышқылы кез-келген тығыз қақты ерітіп, жұлып алады.

Қақтың зияны

Судың құрамында тұз болатыны заңдылық. Су ысыған кезде құрамындағы тұздың әсерінен ысытқыш құбырда қақ қалыптасады.  

Егер кір жуғыш машинаны қақтан тазартып отырмаса электрэнергиясын шектен тыс мөлшерде жұмсауға әкеліп соқтырады. Екіншіден суды ысытатын құбыр істен шығуы мүмкін. Қаққа оранып тұрғандықтан суды өте баяу жылытып, ақыр соңында күйіп кетуі мүмкін.

Бақытгүл Абайқызы
Бөлісу: