Үкіметте Каспий құбыр консорциумы қызметінің тоқтап қалуына байланысты шаралар талқыланды

6 Шілде 2022, 14:01 873

Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумы қызметінің уақытша тоқтап қалуына байланысты жедел кеңес өткізді, — деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кеңес барысында қазақстандық мұнай экспорты шектелуінің теріс салдары мен мемлекеттік бюджеттің шығындарын азайту жөніндегі қажетті шаралар талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы бірқатар тиісті тапсырма берді.

Бөлісу: