Үкімет басшысы «G4 City» жобасын іске асыру жөнінде кеңес өткізді

8 Тамыз 2022, 19:00 817

Кеңеске қатысушылар арнайы экономикалық аймақ құру мәселесін талқылады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Алматы облысында «G4 City» жобасын іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңеске қатысушылар арнайы экономикалық аймақ құру, қала құрылысы құжаттарын әзірлеу шараларын және инвестициялық резидент мәртебесін беру мәселелерін қарады. Премьер-Министр «G4 City» қаласын дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасын бекіту мерзімдерін жеделдетуді тапсырды.

Бөлісу: