Үкімет басшысы Ақтөбе облысының активіне жаңа басшыны таныстырды
31 Тамыз 2022, 16:41
1424
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады
Әлихан Смайылов өз сөзінде облыс басшылығының алдында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қабылданған өңірдің 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын сапалы орындау міндеті тұрғанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz Үкіметке сілтеме жасап.
Премьер-Министрдің айтуынша, облыс экономикасын дамытудағы негізгі қадамдар жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу болуы тиіс, бұл тұрақты жұмыс орындарын құруға және автожолдарды жаңғыртуға мүмкіндік береді.
«Біздің басты мақсатымыз – халықтың әл-ауқатын жақсарту. Осыған байланысты облыс әкімдігі өңірдің дамуына серпін бере алатын ірі жобалардың іске асырылуы мен әзірленуін ерекше бақылауда ұстауы қажет», - деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы әлеуметтік мәселелерді шешу, соның ішінде ауыз сумен, электр энергиясымен қамтамасыз ету, оқушы орындарының жетіспеушілігін жою және ТКШ саласын жақсарту да облыс басшылығының басты назарында болуы тиіс екенін атап өтті.
Сонымен қатар Әлихан Смайылов Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін өңір әкімі қызметін атқарған Оңдасын Оразалинге алғысын білдірді.