19.09.2023
16:09
3434
Кимешек киген әжелер хиджабқа қарсылығын білдірді

Кимешек киген әжелер хиджабқа қарсылығын білдірді

Алматыда кимешек киген бір топ зейнеткер хиджабқа қарсылығын білдіріп, арнайы акция өткізді,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біз хиджабқа қарсымыз. Хиджаб - біздікі емес, арабтікі. Қазақ әйелінің намысы "Кимешекте" жатыр. Міне, апаларымыз бүгін екі, үш ғасыр бойы сақталған "Кимешекті" ұсынды. Бұл - ұрпақтан-ұрпаққа, қызына немесе келініне, берілетін киелі зат. Біздің "Кимешекте" "намыс, ар-ождан, қазақ әйеліне тән тазалық" бар", - дейді видеодағы әйел.

Сондай-ақ зейнеткер әжелер келінге "Кимешек" кигізу үлгісін көрсетті.