Әкімдіктер талапкерлерге 3 мыңға жуық грант бөлді

13 Тамыз 2022, 22:09 1040

Ұлттық тестілеу орталығы грант саны туралы мәліметтерді жариялады.

Әкімдіктер өңірлер үшін сұранысқа ие мамандықтарға гранттар бөледі, деп хабарлайды El.kz.

Ұлттық тестілеу орталығы грант саны туралы мәліметтерді жариялады.

10 тамызда әкімдердің гранттарына оқу орындарындағы қабылдау комиссияларында құжаттарды қабылдау басталды.

Орталықтың мәліметі бойынша, педагогика, медицина және ауыл шаруашылығы саласы сияқты мамандықтар әлдеқайда жоғары сұранысқа ие.

Ең көп грант Нұр-Сұлтанда бөлінді – 1193. Ең аз грант саны Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді – 15. Алматы, Шымкент және Түркістан облыстарының әкімдіктері қосымша гранттарға қаражат бөлмеген.

Бұған дейін хабарлағандай, Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі алдағы оқу жылында бакалавриатқа түсу үшін 73 мыңға жуық грант бөлді.

Білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға барлығы 80 мыңға жуық өтініш түскен. Бакалавриат гранттарына өтініштер қабылдау 13-22 шілде аралығында өтті.

EL.KZ
Бөлісу: