Kids go Free: 1500 бала еліміздің басқа өңірлерін тегін аралады

14 Наурыз 2023, 19:08 624

2022 жылдан бастап Қазақстанда Kids go Free бағдарламасы жұмыс істейді. Осының арқасында балаларға ел ішіндегі әуе рейстермен тегін ұшу мүмкіндігі берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
 
Өткен жылы кішкентай туристер мен олардың ата-аналары арасында сұранысқа ие үш бағыт: Ақтау, Алматы және Түркістан қалалары болды. Бұл ретте, барлық іске асырылған турлардың 50% - дан астамы Маңғыстау облысына тиесілі екенін айта кеткен жөн.
 
Жалпы аталған бағдарлама бойынша былтыр 76 млн теңгеге ұшақ билеттері субсидияланды.
 

Ақтау - Қазақстанның ең танымал туристік бағыттарының бірі және танымал отбасылық демалыс орны. Өткен жылы Kids go Free бағдарламасын 700-ге жуық отбасы пайдаланды, бұл 1500 балаға Қазақстанның басқа өңірлерін тегін көруге мүмкіндік берді. Биыл кем дегенде 2000 бала мен 1000 отбасын қамту міндеті тұр. Ол үшін туроператорларға қойылатын талаптар жеңілдетілді, – деді Мәдениет және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.

EL.KZ
Бөлісу: