Мультимедиа
Кибербуллинг – қылмыс па, қиянат па?
23 Қараша 2025, 19:33

Кибербуллинг – қылмыс па, қиянат па?

«Заң және тәртіп» - қоғамдағы өзекті құқықтық мәселелерді талқылайтын подкаст. Бүгінгі шығарылымда біз қазіргі цифрлық дәуірдің ең өзекті әрі алаңдатарлық проблемаларының бірі - кибербуллинг тақырыбын көтердік. Әлеуметтік желілердің дамуы ақпараттық еркіндік берсе де, сонымен бірге қысым көрсету, қорқыту, құпияны жариялау, дәлелсіз жала жабу секілді қауіптердің де артуына алып келді. Бағдарлама қонақтары - заңгер Бауыржан Сералин мен психолог Нағима Дәулет кибербуллингтің құқықтық және психологиялық қырларын жан-жақты талдап берді. Бауыржан ҚР заңнамасында кибербуллингке қатысты қолданылатын нормаларды, жала жабу, қорлау, жеке мәліметтерді заңсыз тарату, қысым көрсету баптары арқылы қандай жауапкершілік қарастырылғанын түсіндірді. Сонымен қатар, онлайн ортада құқық бұзушылықтан қорғанудың заңды жолдары, дәлел жинау, құзырлы органдарға шағым жазу тәртібі туралы практикалық кеңестер берді. Психолог Нағима Дәулет кибербуллингтің адам психикасына әсерін, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің эмоциялық күйіне тигізетін зиянын ашып көрсетті. Психологиялық қорғаныс әдістері, ата-ана мен мұғалімдердің рөлі, буллингке ұшыраған адамның өз-өзіне келу жолдары талқыланды. Сонымен бірге қоғамдағы онлайн мәдениет, анонимдік пікірлердің салдары, жеке шекараны қорғау дағдылары сияқты маңызды мәселелер де сөз болды. Кибербуллинг - тек цифрлық ортадағы емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігіне әсер ететін күрделі мәселе. Толығырақ білу үшін шығарылымды көріңіз. Өз пікіріңізді қалдырып, ойыңызбен бөлісіңіз! Интернеттегі жауапкершілік пен қауіпсіздікті бірге талқылайық!

Тағы да көріңіз