27.09.2022
10:12
1226
Хоккей: «Барыс» «Локомотивті» жеңді

Хоккей: «Барыс» «Локомотивті» жеңді

ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясындағы қонақтық матчта елордалық «Барыс» буллиттер сериясында ярославльдік «Локомотивті» жеңді, деп хабарлайды El.kz

Ойынның негізгі уақыты мен овертаймда командалар арасында жеңімпаз анықталған жоқ.

Буллиттер сериясында «Барыс» 0:1 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс буллитін Никита Михайлис лақтырды.

Осылайша, қазақстандықтар ҚХЛ тарихында алғаш рет «Локомотив» алаңында жеңіске жетті.