Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында айтылды
Хайролла Мағауияұлы ҚР Президенттікке үміткер ретінде қабылдаудан бас тарту туралы қаулы қабылданды, деп хабарлайды El.kz
Хайролла Мағауияұлы 2022 жылдың 7 қазанында «Асар» оралмандар республикалық қоғамдық бірлестігінен Президенттікке үміткер ретінде ұсынылды. 11 қазан күні ҚР Сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сай ҚР Президентітігіне үміткер ретінде тіркелу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізді.
Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, ҚР Президенттігіне үміткер Хайролла Мағауияұлы ҚР Конституциясына және ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңындағы талаптарға сәйкес емес. Осыған байланысты арнайы хаттамаға қол қойылды.