Хан ордасы | Сайхин | Қазақстандық Еуропа немен танымал?

30 Қараша 2020, 15:16 3304

Жәңгір ханның хандық құрған ордасы - Батыс Қазақстан облысындағы Хан Ордасы ауылында орналасқан Қазақстанның өте тарих тұнған мекенінің бірі. Жәңгір ханның жеке басы мен өмір баяны өте қарама-қайшы. Бір жағынан, ол халықтың білім алуына үлкен көңіл бөлген, алғашқы мектеп салған, алғаш рет қазынашылық орынын бекіткен жаңашыл басшы болды. Екінші жағынан, дәл осы Жәңгір ханның жерге жеке меншікті енгізу саясаты қалың бұқараның кедейленуіне және Исатай Таймановтың көтерілісіне алып келді. Бұл көтерілісті Жәңгір ханның әскерлері казак әскерлерімен біріге отырып басып тастаған. Хан Ордасының ерекшелігі 19 ғасырға мүлдем жат болып көрінетін Нарын құмының ортасында орналасқан әдемі қазақ қаласының құрылуы. Бұндай қала –өз заманында Қазақстанның бөлек аймақтарында кездеспеген.

Орал қаласынан Хан ордасына дейінгі аралық 600 шақырымнан тұратын, ұзақ және қиын жол. Чапаевқа дейін жол жақсы. Жаңғалаға дейін өтпелі. Ал, содан кейінгі жолда асфальт мүлдем жоқ. Қазіргі таңда трасса салынуда. Сондықтан, болашақ саяхатшыларға тапсырма оңайырақ болмақ. Біз үшін Ордадағы қонақ үйдің арзан бағасы, барлық қолайлы жағдайлардың жасалуы және (соншалықты алыс сапардан кейін) барған жерімізде ыстық судың болғаны сол күннің жағымды жаңалығы болды. Бұл шалғайдағы қонақ үй ешқандай асыра мақтаусыз, Қазақстанның көптеген облыс орталықтарындағы қонақ үйлерден асып түседі. Меннен бір кеңес болсын. Осыншама алыс сапардан соң міндетті түрде түнеңіз. Себебі алыс жолды артқа тастап келгенде көрнекі жерлерді жылдам аралап, тез тамашаласаңыз жолға кеткен уақытыңызды күпірлік еткеніңізбен бірдей дер едім.

Әрине, ауылдың басты көрікті жері ол - хан сарайы түріндегі архитектуралық доминанты бар мұражай кешені. Бірақ ауылдың өзінде 19 ғасырдан бері сақталып қалған 80-нен астам үй бар. Мұражай құрылғанға дейін тек шығыс қанаты ғана сақталған. Орталық және батыс бөліктері суреттер мен куәгерлердің естеліктеріне сәйкес мұқият қалпына келтірілді. Мұражайдың барлық бөлмелері еуропалық үйлердің ішкі көрінісіне сәйкес жабдықталып, ханның күнделікті өмірін суреттеп, сол кездің атмосферасын әдемі жеткіп тұр.          

          

          

          

          

          

          

          

EL.KZ
Бөлісу: