Хаменованың соты қайта жалғасты

6 Қыркүйек 2022, 23:33 1258

Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бақытгүл Хаменова Абай ескерткішін орнатуға бөлінген қаражаттан пара алды деп айыпталып отыр.

Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот қайта жалғасты, деп хабарлайды EL.KZ.

Онымен бірге облыстың мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пен «Балқыту» ЖШС-нің директоры Өміртай Адамов күдікке ілінген.

Сот отырысы Атыраудағы №2 қалалық сотта өтіп жатыр.

Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевтің ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен тергелген. Ал «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы 2-бөлігімен тергеуге алынған.

Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бақытгүл Хаменова Абай ескерткішін орнатуға бөлінген қаражаттан пара алды деп айыпталып отыр. Тергеу мәліметінше, Абай Құнанбайұлына құны 145 млн теңге болатын ескерткіш орнатуға мемтапсырыс келісімшартын жасасу үшін ЖШС басшылығынан 4,5 млн теңге пара алған.

Бүгінгі сот отырысында «Асыл өлке» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Орынша Мәкеева куәгер ретінде жауап берді.

Оның айтуынша, «Ұлы ұлыс – Алтын Орда» республикалық конференциясын өткізер алдында оны Б.Хаменова шақырып, іс-шараны өткізуге демеушілер арқылы қаражат табуды тапсырған.

Маған 231 490 511 теңге көлемінде қаражат табу керек болды. Мен демеуші іздедім. Бұл сома іс-шарада қызмет көрсететін «Керім медиа» компаниясына қажет еді. Бұл туралы Бақытгүл Хаменова да, Ақылбек Рысқалиев те білді. Бұл біздің арамызда құпия болған жоқ. Өйткені, бұл туралы облыс басшылығына да белгілі болды, - деді Орынша Мәкеева.

EL.KZ
Бөлісу: