Халықтың құқықтық сауаты артып келеді – Асқарбек Құсайнов

29 Тамыз 2022, 11:01 2656

Жаңа Қазақстан құрудағы халық пен биліктің пікірі мен арман мақсаты бір тұстан табылды

Биыл елімізде өзгерістер кезеңі. Бұрын соңды болмаған жаңалықтар мен бастамалардың куәгері болдық. Жаңа Қазақстан құрудағы халық пен биліктің пікірі мен арман мақсаты бір тұстан табылды. Осыған байланысты Педагогика ғылымдар академиясының президенті, академик Асқарбек Құсайнов өз пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz.

«30 тамыз – Қазақстанның Конституциясы күні. Биыл елімізде бұл күн есте қаларлықтай өтпек. Себебі, Конституциямызға көптеген өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп жатыр. Сондай-ақ бұл халықтың қолдауымен жүзеге асырылды. Ата заңымыз елдің, қоғамның, халықтың көкейіндегі қалауын іске асыратын заңды норма. Сол себепті де Конституциямызда адамның құқықтары мен бостандығын бұрыңғыдан да нығайтатын заңдардың қатары артты. Биыл заңды нормаларға түзетулер енгізетін кезде халық өте белсенді болды. Бұған қарап қарапайым халықтың заңды және құқықтық сауаттылықтарының арта түскенін байқауға болады. Әр азамат заңды білуі тиіс», - деді Асқарбек Құсайнов.

Оның айтуынша, Конституцияны құжат деп қана қарастырмау керек. Ол ең алдымен дамыған қоғамдағы сапалы өмір сүруінің кепілі.

Миражан Махан
Бөлісу: