Халықты сауатсыздық пен шарасыздықтан арашалау керек

27 Қыркүйек 2019, 15:14 2446

Қаладан ауылға үдере көшкен көш соңы әлі де тоқтамады. Алматы қаласында өткен "Қоғамдық келісім кеңесінің қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартудағы рөлі" республикалық форумында бұл мәселені айналып өтпеген Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаев, келелі кеңеске қатысушылардың назарын қоғамның өзекті проблемасына аударды.

«Ауылдан қалаға көшу, ауылды көтеру, әлеуметтік қорғау мәселелерінің маңыздылығына мән артуларыңызды сұраймын. Қоғамдық келісім кеңестері осы мәселелерді жүйелі түрде күн тәртіптеріне енгізулері керек. Жастар, көпбалалы отбасылары, жалпы еңбекке қабілетті тұрғындардың әрине, қалаға жақсы тұрмысты аңсап көшетіні анық. Алайда, олардың барлығының бірдей мұнда тұрмысының түзеліп кетпейтінін мойындауымыз керек. Нәтижесінде, қалада әлеуметік мәселелер жүгі ауырлап, ал ауылда керісінше, жұмысшы күші азайып барады», - деген Жансейіт Қансейітұлы қоғамның және бір ащы щындығын жайып салды. Жансейіт Түймебаев жастардың, әсіресе ауыл тұрғындарының радикалды идеология мен саяси экстремистердің тұзағына тез түсетінін айтты. Сондай-ақ, заңсыз митингілерге шығып, көлеңкелі экономиканың ықпалына түсетіндер де, ең сорақысы, қылмыс әлеміне адасып кіретіндер де осы сауатсыздық пен шарасыздық құрбандары.

«Сондықтан да біздің бірінші мақсатты түрде айналысатын міндетіміз – ауыл тұрмысын жақсартып, халықтың өмір сүру сапасын арттыру болмақ», - деді Ж.Түймебаев.

  

Нұргүл Қалиева 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша none;text-underline:none">ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Нұргүл Қалиева
Бөлісу: