ҚХА Төрағасының орынбасары Италия Парламентінің депутатымен кездеседі

23 Қыркүйек 2019, 11:14 1800

23 қыркүйек күні сағат 15.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде (Б.Момышұлы даңғылы, 24/9) Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевтың Италия Республикасы Парламентінің депутаттар палатасының депутаты Эмануэла Россинимен кездесуі өтеді. 

Кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделі, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйі мен этномәдени бірлестіктердің жұмысы таныстырылып, Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық аясында екіжақты байланыстарды нығайту және кеңейту мәселері талқыланады деп күтілуде.

Бөлісу: